Услуги полировки кузова

Услуги полировки кузова

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Тойота автомобилінің шанағын жылтырату

Шанақ – автомобильдің ең қымбат бөлігі, оған басқа бөліктерден кем түспейтін кәсіби күтім қажет. Автомобильді кәсіби механикалық жылтырату 2-3 ай бойына жылтырдың жарқырап, түстің қанық болып, сондай-ақ біздің жолдарымыздың қатаң ортасынан қорғалатынына кепілдік береді. Автомобильді стандартты жылтырату жұмысы зақымдалған жерді сызаттар немесе тор түрінде жоятын қажақ пастаны қолдану дегенді білдіреді. Автоқажақ пастаны пайдаланып жылтырату арқылы біздің шеберлер автомобильдің толықтай бастапқы түрге оралуын қамтасыз етеді. Автомобильдің бетіне ерекше жылтырақтық беру үшін арнайы ысып жылтырататын паста қолданылады.

 

Автомобильді пайдалану процесі кезінде лакбояу төсемі бастапқы түрін, жылтырын, түсінің қанықтығын жоғалтады, сонымен қатар сызаттар, жуа бергеннен үйкелулер және тағы басқалар пайда болады. Біздің компания Сіздердің назарларыңызға шанақты жылтырату технологиясының икемді тізбегін (қарапайым, сызатқа қарсы, тефлонды) ұсынады. Жылтырату түрі қандай мақсатқа жету керектігіне байланысты таңдалады. Егер лакбояу төсемі жоғарыда көрсетілген факторларға ұшырап үлгерсе, бұлыңғыр реңкке ие болса, бастапқы жылтырақтығын жоғалтса, дегенмен де, қалыпты жағдайда болса, қатты бүлінулер болмаса, бастапқы жылтырақтықты қайта қалпына келтіру үшін шанаққа жеңіл қайта қалпына келтіретін жылтырату қолданылады. Ол лактағы жеңіл сызаттарды, үйкелістерді, дақтар мен шайылуларды жояды. Жұмыстың бұл түрін лакбояу төсеміне жасалған косметикалық жөндеу жұмысы деуге болады.

Технологиялық процесс кезеңдері:
1. Шанақты ерекше тәсілмен арнайы жуу. 
2. Битумды дақтарды, терек бүршіктерін және тағы басқа автомобиль шанағындағы ластарды тазарту.
3. Автомобильдің шанағындағы пластик бөлшектерді жабу.  
4. Шанақты қорғаныс пастасымен механикалық жылтырату.