Қазақстан мен Қырғызстанның корпоративтік клиенттері Toyota автокөліктерін таңдауды дәстүрге айналдырды. Мұндай танымалдық себебі анық — компания абыройлы әрі өндіріс процестерін де, бизнес-процестерді де тоқтаусыз жетілдіреді. Алайда біз брендке деген тұрақты сенімнің тууына және таңдауға себеп болатын басты әрі маңызды мәселелерді анықтай кетейік. Бұл корпоративтік клиенттерге өте маңызды. Неге Toyota модельдері таңдалады? • Тартымды құны. Біздің модельдерді иеленудің төмен жиынтық құны және қайталама нарықтағы жоғары құны ерекшелендіреді, бұл автопаркті жаңартуға жұмсалатын шығынды азайтады. • Көпке мәлім сенімділік. Toyota-ға тән беріктік пен сапа брендтің ДНҚ-сына жазылған. Автокөлік иесіне ұзақ және адал қызмет етеді. • Үлгілер қатары. Біздің автокөліктер кез келген бизнестің қажетіне жарайды. Әмбебап және қолайлы седандар, қуатты және төзімді жол талғамайтын көліктер, коммерциялық көлік — әрбір клиент өзіне оңтайлы нұсқаны таба алады. Сонымен қатар, ең қиын экспедицияларда сыналған, аңызға айналған Hilux туралы айтып өтсек орынды болар. Бұл — «өлмейтін» пикап. • Сервис географиясы кең. Toyota Kazakhstan дилер желісі еліміздің барлық өңірін қамтып, әр қала тұрғынына, соның ішінде шағын қалаларға да бірінші дәрежелі сервис ұсынады. • Сапаға кепілдік. Toyota-ның барлық ресми дилер және сервис орталықтары бірінші кезекте клиенттің қанағаттануы қағидатын ұстана отырып, қызметтердің толық спектрін ұсынады. ДО-дағы барлық процесс стандартталған — брендтің халықаралық бірыңғай стандарттарына сәйкес келеді. Егер корпоративтік клиенттер үшін автокөліктерді жалға алуға қызықсаңыз, Toyota Smart Rent бағдарламасына және бизнес иелері үшін операциялық жалға алуға назар аударуды ұсынамыз. Кучуков Нурлан – корпоративтік сату бойынша кеңесші n.kuchukov@toyotaastana.kz Шияфетдинов Рифкат - корпоративтік сату бойынша кеңесші r.shiyafetdinov@toyotaastana.kz Айтпаева Азиза - корпоративтік сату бойынша кеңесші a.aitpayeva@toyotaastana.kz БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ+7 (7172) 270-200 телефоны арқылы мамандарға сұрақ қою