Toyota Financial Services

Toyota Financial Services

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Toyota компаниясы Сіздерге Қазақстанда Toyota автомобильдерін сатып алуға кредиттер ұсынатын жеке Toyota Financial Services (TFS) кредиттік компаниясының ашылғаны туралы қуана хабарлайды. Арнайы  Toyota автомобильдері үшін дайындалған қаржылық шешімдер ұсыну саласы бойынша бай тәжірибе мен білімге ие бола отырып, TFS Қазақстан аумағында барынша әрбір клиенттің сұранысына қарай бейімделген жағымды қаржылық өнімдердің бірнеше қатарын ұсынады. Компанияның мақсаты –  Toyota клиенттеріне автомобиль сатып алудың үздік тәжірибелерін ұсыну. 

 

Toyota Financial Services-тің кредиттеу шарттары:

 

1) БАСТАПҚЫ ЖАРНАСЫЗ ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕТІН КРЕДИТ!

Тек Toyota Financial Services-тің тұрақты клиенттері үшін  0% бастапқы жарна және жеңілдікті % сыйақы мөлшерлемесі.

 

Егер Сіз Toyota Финанс бағдарламасымен автомобиль алған болсаңыз, Сіз үшін жаңа Toyota сатып алу бойынша арнайы тиімді шарт қарастырылған. Бағдарламаға кредитін төлеу бойынша ең соңғы мерзім келесі уақыт аралығына жататын клиенттер қатыса алады:

  1. Соңғы төлемге дейін 6 ай ішінде (кредитті мерзімінен бұрын жабу),
  2. Соңғы төлем сәтінен бастап 3 ай ішінде.

 

Келесі талаптарды орындаған жағдайда клиенттерге жеңілдік шарттары мен 0% бастапқы жарна қолданылады:

  1. Жаңа кредит сомасы бұған дейін берілген кредит сомасынан 2 еседен артық аспайды,
  2. Toyota Финанстан бұған дейін алған кредиттер бойынша жағымды кредит тарихы. 

 

Егер Сіз бұған дейін Toyota Финанстан кредит алсаңыз, жаңа Toyota алған жағдайда Сіз үшін арнайы талаптар ұсынылады:  

Бастапқы жарна 10% - TOYOTA Сақтандыру Бағдарламасы бойынша КАСКО Полисін рәсімдеген жағдайда

Бастапқы жарна 15% - «Қарызды Сақтандыру» сақтандыруын рәсімдеген жағдайда

10%-дан басталатын Төменгі Бастапқы жарна бұған дейін Toyota Финанстан алған кредит(тер) бойынша жағымды Кредит(тер) тарихы бар Қарыз алушыларға қолданылады.

 

2) ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ 6%-дан БАСТАЛАТЫН ЖЕҢІЛДІКТІ КРЕДИТ!

Camry автообильдеріне («Люкс NAVI» комплектациясынан басқа) жеңілдікті кредиттеу:

Пайыздық мөлшерлеме - 6%-дан бастап;

Кредиттеу мерзімі - 5 жылға дейін;

Бастапқы жарна - 20% (кірісті растау арқылы), 30% (кірісті растаусыз);

 

3) СТАНДАРТТЫ КРЕДИТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

«Стандарт» кірісті растау арқылы

 

Бастапқы жарна

Жылдық тиімді мөлшерлеме, %

12 ай

18-36 ай

42-60 ай

20%-дан бастап жоғары

16

17

18

 

 

«Стандарт» кірісті растаусыз

 

Бастапқы жарна

Жылдық тиімді мөлшерлеме, %

12 ай

18-36 ай

42-60 ай

40%-дан бастап жоғары

18

19

20

 

 

«Access Toyota» кірісті растау арқылы

Бастапқы жарна

Жылдық тиімді мөлшерлеме, %

36 ай

42, 48 ай

40%-дан жоғары

17

18

 

 

«Access Toyota» кірісті растаусыз

 

Бастапқы жарна

Жылдық тиімді мөлшерлеме, %

36 ай

42, 48 ай

50%-дан бастап және жоғары

20

20

 

Құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік (міндетті түрде), Жүргізу куәлігінің болғаны дұрыс.

 

Қарыз алушыға қойылатын талап:

  • жасы 21-ден 63 жасқа дейін
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы/ Тұруға ықтиярхат

 

Барлық өнімдер үшін ескерту:

1) Барлық процедуралар Toyota-ның ресми дилерлік орталықтарында жүргізіледі. Банктерге барудың қажеті жоқ.   

2) Ай сайынғы төлемдерді төлеу: «Казкоммерцбанк» АҚ, «Халық  Банк» немесе «Алтын Банк» арқылы жүзеге аса алады.

3) Автомобиль үшін сақтандыру сыйақысының сомасы қарыз сомасына қосылады, ол автомобильдің құны мен кредит мерзіміне байланысты болады.

4) Өтінімді бастапқы қарау 30-60 минут.