Түпнұсқа бөлшектерді сатып алу себептері

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Қазіргі адам арасында жүріп үйреніп қалған техникалық жағынан күрделі құрылғылардың ішінде автокөлік ерекше орынға ие. Бұл ерекше орынға автокөлік заңды түрде лайық, себебі ол адамға қозғалыс еркіндігін сыйлайды және көп жағдайда оның өмірін жеңілдетеді.

 

Бірақ біздің жоспарларымыздың орындалуы мен біздің қауіпсіздігіміз автокөлікке, оның сенімділігі мен үнемі қозғалысқа дайын болуына байланысты. Toyota-ның барлық қолдану уақытында сенім артуға болатын сапалы автокөліктер шығаратынын бәрі біледі. Toyota автокөліктері құрылысының мұқият ойластырылуы, сапаны бақылаудың үздік жүйесі, сонымен қатар мұқият жасалған техникалық қызмет көрсету жоспары мен түпнұсқалық қосалқы бөлшектердің толық ассортиментінің арқасында сенімді.

 

Түпнұсқалық қосалқы бөлшектердің түпнұсқалық емес түрлерінен басты айырмашылығы

 

Қосалқы бөлшектерді жасау барысында негізінен мыналарға мән беріледі.
Түпнұсқалық қосалқы бөлшек: жақсы жұмыс істеуі және бөлшектің қызмет ету мерзімінің ұзақтығы. Түпнұсқалық емес қосалқы бөлшек: өндіріс шығынын азайту. Салыстырып көріңіздер (сол жақтағы суретте – түпнұсқалық қосалқы бөлшек, оң жақтағы суретте – түпнұсқалық емес қосалқы бөлшек)

 

Ауа сүзгісі

 

Сіздің автокөлігіңіздің қозғалтқышының жұмыс істеуі үшін әр минут сайын ауаның мыңдаған литрі қажет болады. Ауа сүзгісінің міндеті қозғалтқышқа оның бөлшектерінің тез тозуына әкеп соғатын шаң мен кірдің кіруіне жол бермеу. Бұл орайда сүзгі ауа ағынына үлкен кедергі келтірмеуі тиіс, әйтпесе қозғалтқыштың қуаты кемиді де, автокөліктің жылдамдығы төмендейді. Қозғалтқыштың жұмыс істеуі барысында шаң мен кір сүзгінің беткі бөлігіне жиналады да, сүзгіні бітеп, оның ауа ағынына қарсылығын арттырады.

 

/

Сүзу қасиетінің жақсы болуын, ауа ағынына аз қарсылық танытуы мен осы қасиеттердің тұрақтылығын ұзақ уақыт бойы сақтау өте қиын. Бұл қымбат тұратын материалдарды қолданбай жасалуы мүмкін емес аса қиын инженерлік міндет болып табылады.


Toyota-ның түпнұсқалық ауа сүзгісіне көп қабатты сүзуші элемент орнатылады. Оның сыртқы қабатында шаңның ең ірі түйіршіктерін сүзіп алатын ірі қуыстар бар, ал ішкі қабаттары ұсақ шаңды сүзуге жауап береді. Ауа ағынына төмен деңгейде қарсылық танытуды қамтамасыз ету үшін, сүзуші элементтің ауданы барынша кең болуы тиіс. Сүзуші элемент гофрленіп жасалады, соның арқасында сүзгінің шағын корпусына сүзуші қағаздың үлкен парағын орнату мүмкіндігі туады.


Түпнұсқалық емес сүзгілерде әдетте бір қабатты сүзуші элементтер қолданылады. Бұл өндірісті арзандатуға мүмкіндік береді.

 

Тежеуіш қалыптары

 

Не себепті біз Сізге өз автокөлігіңізге түпнұсқалық емес тежеуіш қалыптарын орнатудан аулақ болуды ескертеміз?
Неліктен түпнұсқалық емес тежеуіш қалыптары орнатылған автокөлік өз иесі үшін де, өзгелер үшін де қауіпті болуы мүмкін?
Әр автокөлікті әзірлеу барысында өндіруші оның тежеуіш жүйесіне аса үлкен мән береді.



Тежеуіш механизмдерінің құрылымы мен оларды өндіруде қолданылатын материалдар көбіне көліктің әр үлгісі мен жиынтығы үшін бірегей болып табылады. Бұл соңғы жылдары автокөліктердің қуаты мен жылдамдығының бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғарылауына, ал тежеуіш жұмысының тиімділігіне қойылатын талаптардың биік болуына байланысты.. Түпнұсқалық емес қалыптарды өндірушілер оларды осыдан он, жиырма жыл бұрын қалай жасаса, қазір де тура солай жасайды.Тежеуіштер жұмыс істейтін жағдайлар мен жасау технологиясы жөнінде жеткілікті білімі жоқ өндіруші, түпнұсқалық тежеуіш қалыптарының сыртқы көлемдеріне ғана көшірме жасаумен шектелуі мүмкін.

 

/

Сондықтан қанша қаласа да, ондай өндіруші Сізге сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай келетін өнімді ұсына алмайды. Көп жағдайда тіпті түпнұсқалық емес тежеуіш қалыптарының геометриялық көлемі де автокөлік өндірушісімен қарастырылған қалыптардың көлемінен өзгеше болады. Бұл жалған бөлшек жасаушының өз өнімін арзандату үшін автокөліктің бірнеше үлгісіне орнатуға болатын "әмбебап" қалыптарды шығаруымен байланысты. Мұндай қалыптардың барлық автокөліктердегі тежеуіштердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайтындығы анық, әрине.

 

/

Іс жүзінде автокөлікке орнатылған түпнұсқалық емес қалыптар өздерін тежелу барысында бөтен дыбыстар мен иістер шығару арқылы көрсетеді, ал тежелудің өзі бірқалыпты емес әрі тиімділігі де төмен болады. Түпнұсқалық емес тежеуіш қалыптары тез қызып кетеді, кейде тіпті балқиды, бұл тауда жүргізгенде немесе жоғары жылдамдықпен келе жатып, кенет тоқтау сынды күрделі жағдайларда тежеуіштің кенет істен шығуына әкеп соғады. Арзан материалдардың қолданылуы тежеуіш қалыптарының да, тежеуіш дискілерінің де жылдам тозуына әкеп соғады.

 

Ілініспе дискілері

 

Жалған ілініспе дискілерінде сапасы төмен үйкелмелі материалдардың қолданылуы ілінісудің қозғалтқыштың қуатын бере алмауына әкеп соғады, бұл автокөліктің екпінін қиындатады, ал бұл оны қолдану мүмкіндігін жоққа шығарады. Жалған ілініспе дискілері тіпті қозғалтқыштың төменгі айналымдарында да зақымданады, ал жиі қатты екпін алғанда жалған ілініспе дискілері жылдам істен шығады.



Ілініспені жөндеу – беріліс қорабын алып, бағасы жоғары қосалқы бөлшектерді сатып алуды қажет етеін бейнетті әрі қымбат операция. Арзан ілініспе дискісін сатып алып, сіз ештеңе ұтпайсыз, керісінше оны ауыстыруға көп қаржы жұмсайсыз. Жалған ілініспе дискілері Toyota-ның түпнұсқалық дискілерімен салыстырғанда бүлінушілікке бейімірек болғандықтан, өте қауіпті. Егер сапасыз құрылымның кесірінен ілініспе дискінің бір бөлігі сынып, қысатын ілініспе дискісі мен сермер арасында қалып қоятын болса, онда ілініспе толықтай істен шығуы мүмкін.

 

/
Отын сүзгісі

 

Жалған отын сүзгілерін жасауда сапасы төмен сүзуші қағаз қолданылады, нәтижесінде отын дұрыс тазартылмайды, бұл карбюратордың немесе ЖҚОС-ның бітеліп қалуына және қозғалтқыш шуылының деңгейінің артуы мен оның бұзылуына әкеп соғады. Түпнұсқалық сүзгілер кірді ұстап қалу қабілетіне ие және қолданылу мерзімінің ұзақтығымен сипатталады

 

/

Жалған отын жасау барысында Toyota-ның түпнұсқалық сүзгілерін жасауда қолданылатын жоғары стандарттар сақталмайды. Оларда дәнекерленген тігістердің айналасында майдың ағып кетуі байқалады, бұл автокөліктің жанып кетуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұдан бөлек, қозғалтқышқа сүзгі корпусының ішкі жабындарының уатылған бөліктері түсетін болса, оның бұзылуы мүмкін.

 

/
Май сүзгілері

Түпнұсқалық май сүзгілерінде сүзгі бітеліп қалса да қозғалтқышқа майдың берілуін қамтамасыз ететін қайта өткізу клапаны қолданылады. Жоғары сапалы сүзуші қағаз қалың әрі сүзуші беттің үлкен көлеміне ие, соның арқасында қоспалардан тиімді тазартады. Тығыздағыш сақина ағып кетуден сақтайтын мықты әрі жоғары сапалы материалдан жасалады.

 

/
Toyota-ның май сүзгілері нақты құрастырылған және майды тазартудың тиімділігіне, ағып кетудің алдын алатын тығыздауыштың сапасына тексерілген.

Жалған май сүзгілерінде тығыздағыш сақина қолдану мерзімі төмен әрі қаттылығы жеткіліксіз материалдан жасалады, нәтижесінде май ағып кетуі мүмкін. Бұл тек қоршаған орта үшін ғана емес, автокөліктің өрттен қауіпсіздігіне және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.

 

Тұтандыру білтелері

 

Тұтандыру білтелері автокөліктің ең жоғарғы мүмкіндіктеріне жетіп, қозғалтқыштың сенімді жұмысын қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Жалған тұтандыру білтелерінің негізгі параметрлер нормасынан ауытқуы (төмен жылу өткізгіштік, сапасы төмен изолятор және т.с.с.) әсіресе бос айналымдарда байқалатын тұрақсыз жұмыс істеуге, ал кейде қозғалтқышты оталдыру мүмкін болмайтын толық тоқтауға әкеп соғады.

 

Жетекті белдік

 

Toyota-ның түпнұсқалық жетекті белдіктерімен салыстырғанда, жалған белдіктер сапасы төмен материалдардан жасалады, сол себепті олар тіпті қозғалтқыштың төменгі айналымдарында үзіліп, істен шығуы мүмкін. Зақымдалған жетекті біліктерді пайдалану қозғалтқыштың тез қызып, бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, бұл қымбат жөндеу жұмыстарын жасау мен апаттық жағдайлардың туындауы сынды мәселелерді туындатады.