Сервис және техникалық қызмет көрсету
a

Сервис және техникалық қызмет көрсету

Toyota ресми дилерлік желісінде техникалық қызмет көрсету артықшылығы
Maintenance

TOYOTA түпнұсқа қосалқы бөлшектері

Ресми дилерде автокөлігіңізге қызмет көрсету кезінде тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылатын болады

Жоғары сапамен орындалған жұмыс

Орындалған жұмыстардың сапасы бірнеше деңгейлі бақылаудан өтеді, мамандандырылған диагностикалық жабдық пен ең өзекті техникалық регламент қолданылады.

Toyota Relax кепілдігі

Жоспарлы техникалық қызмет көрсету өткен кезде,көлігіңізге келесі 12 айға Toyota Relax кепілдігі іске қосылады

Toyota білікті механиктері

Toyota механиктерінің жұмыс тәжірибесі мол әрі олар тұрақты түрде сертификациядан өтіп тұрады, сондай-ақ ең соңғы шыққан техникалық құжаттамаға сай жұмыс істейді

Ашық баға құрылымы

Сервиске жазылғанда жұмыстар мен қосалқы бөлшектердің құны бойынша егжей-тегжейлі ақпарат аласыз

Әр клиенттің жағдайын жасау

Toyota әр клиент пен автокөлікке ерекше жағдай жасайды. Автокөлігіңіздің шанағы мен салоны цехта болған кезде сенімді қорғалған.

Toyota автокөлігіңізге техникалық қызмет көрсетуге не кіреді?

Төменде автокөлікке техникалық қызмет көрсету барысында орындалатын белгілі жұмыстармен таныса аласыз

Антифриз немесе салқындату сұйықтығы автокөліктің дұрыс жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Оның басты мақсаты – қозғалтқышты салқындатып тұру. Егер салқындату сұйықтығының деңгейі ең төменгі қажетті мәннен төмен болса, қозғалтқыштың қызып кету қаупі бар. Соның салдарынан автокөлікке үлкен проблема туындауы мүмкін. Антифризді үнемі тексеріп тұрудың арқасында осындай проблемалардың туындауының алдын алуға болады.
Ауа сүзгісін дер кезінде ауыстырмаса, көлік иесі бірқатар жағымсыз салдарға тап болуы мүмкін, яғни қозғалтқышқа берілетін ауа көлемі азайып кетеді. Соның кесірінен отынды тиімді жағу үшін ауа жетіспей қалады. Нәтижесінде отын шығыны күрт өсіп кетеді.
Мотор майы жұмыс істейтін элементтердің үйкелісі мен тозуын азайтып, оңтайлы температураны сақтап, коррозияның алдын алады. Техниканы пайдалану барысында мотор майы біртіндеп өзінің жұмыс қабілетін жоғалтады. Қозғалтқышты жақсы күйде ұстау үшін май мен май сүзгісін жиі ауыстырып тұру қажет. 
Тежегіш сұйықтығы – автокөліктегі ең маңызды сұйықтықтардың бірі: ол педальдің басылу күшін тежегіштердің өзіне беріп, тежегіш педалі мен тежегіш қалыптарының механикалық әсері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз етеді, олар көлік құралының жылдамдығын азайту үшін үйкеліс тудырады. Тежегіш сұйықтығының деңгейін жүйелі түрде тексеру – өз қауіпсіздігіңіз үшін қажетті шара.
Салон сүзгісі арқылы ауаны желдету және кондиционер жүйесінен келетін бүкіл ауа легі өтеді. Салон сүзгісін жиі ауыстыру арқылы ауадағы аллергендер мен автокөлік салонына кіргенде жағымсыз сезім тудыруы ықтимал басқа да тітіркендіргіштер сүзіліп отырады. 
Тежегіш дискілері мен қалыптары — автокөліктің үнемі жүктемелерге ұшырайтын бөлшектері. Олардың мерзімді тозуы және соның салдарынан оларды ауыстыру қажеттілігі — заңды нәтиже. Бұл мәселеге қатысты салақтық салдары ауыр болуы мүмкін. Дискілер мен қалыптарды тұрақты түрде тексеру және дер кезінде ауыстыру – қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Техникалық қызмет көрсету регламенті

Өзіңізге қажетті модель мен қозғалтқыш көлемін таңдаңыз. ТҚК бағасын көру үшін қалған ақпаратты көрсетіңіз.