Toyota-ның тежеуіш дискілері мен қалыптары

Toyota-ның тежеуіш дискілері мен қалыптары

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Автокөліктің тежеуіш жүйесі аса қиын жағдайларда жұмыс істейді. Әдеттегі пайдалану барысында оған тек жұмыс жүктемесіне ғана емес, ой-шұңқырға түсіп кеткен кездегі соққыларға да төзуге тура келеді. Тежеуіштердің жарамды күйі Сіздің Toyota маркалы автокөлігіңіздің қауіпсіздігінің ең маңызды қырларының бірі болып табылады. Дәл сол тежеуіштер әсіресе қиын жол жағдайларында не .... тоқтау не автокөлікті баяулату мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Тежеуіш жүйесі қалай жұмыс істейді?


Сіз тежеуіш педалін басқан кезде, қысымның әсерінен тежеуіш сұйықтығы әр дөңгелектің тежеуіш суппорттарының поршендеріне әсер етеді. Поршендер дөңгелекке орнатылған тежеуіш дискілерінің екі жағына тежеуіш қалыптарын қысып, дөңгелектердің күпшектеріне ауысады. Қалыптардың дискіге үйкелуі автокөліктің бірте-бірте баяулап, тоқтауын қамтамасыз етеді. Қолданылуына қарай тежеуіш қалыптары мен дискілері тозады және ауыстыруды қажет етеді, себебі тежеуіштері тозған автокөлікпен қозғалу қауіпті болуы мүмкін. Төменде тежеуіш жүйесінің тозғанын білдіретін бірнеше белгілер келтірілген.

 

• тежелу барысында автокөліктің шетке қарай ауып кетуі (тежеуіш қалыптарының біркелкі емес тозуы);
• сықыр мен зуыл;
• тежелу тиімділігінің төмендеуі;
• тежеуіш дискілерінің қалыңдығы ең төменгі қауіпсіздік мәнінен кем;

 

Сіздің автокөлігіңізге Toyota-ның түпнұсқалық тежеуіш қалыптары мен дискілерін орнату оның жолдағы жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұның келесі себептері бар:

 

• жоғары сапалы материалдардан жасалған, қауіпсіздіктің қатаң стандарттары мен жұмыс сипаттамаларына сай жобаланған және сыналған;
• тежеуіштердің сықырсыз және зуылсыз тыныш әрі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
• жылдам ауыстыру мен мінсіз сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, Toyota-ның әр үлгісіне толықтай сәйкес келеді;
• Toyota автокөліктері туралы тек біз білетін бірегей білімдерді пайдалану арқылы әзірленген;

 

Қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ету үшін тежеуіш қалыптары мен дискілерінің жағдайын Toyota-ның авторланған қызметтік орталығында үнемі тексеріп тұрудың маңызы зор.