Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысындағы Toyota-ның тұңғыш ресми дилері – Астана Тойота Орталығы - Тойота компаниясының тобына кіретін барлық мекемелер секілді, қоршаған ортаны қорғауды бизнестің табысты дамуының маңызды факторының бірі деп біледі және бүкіл әлем бойынша Тойота компаниясының барлық топтарына ортақ қоршаған ортаны қорғау қағидаларын белсенді түрде қолдайды. «ТОЙОТА АСТАНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-нің автомобильдерді, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату және оларға қызмет көрсету бойынша уәкілетті дилері Астана Тойота Орталығы өзінің экологиялық саясатын өзі бір бөлігі саналатын дистрибютордың экологиялық саясаты мәтініне сәйкес анықтайды және қоршаған ортаны қорғауды бизнестің табысты дамуының маңызды факторының бірі деп біледі, сондықтан да қоршаған ортаны қорғау қағидаларын белсенді түрде қолдауға дайын. Өз қызметі барысында Компания дистрибюторлардың келесі міндеттер бойынша экологиялық саясаттарын басшылыққа алады: - үнемі жетіліп отыру және ластанудың алдын алу; - қолданыстағы заңнамалық және Компания өзінің экологиялық аспектілеріне байланысты қабылдаған тағы басқа талаптарға сай болу; - мақсатты және жоспарлы экологиялық көрсеткіштер орнату және оларға талдау жүргізу; - экологиялық саясатты құжат жүзінде рәсімдеу, енгізу және ұстану; - Компанияға жұмыс істейтін барлық жұмысшыларға немесе оның атынан жеткізу; - жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету. DQS GmbH аудиторлық тексеру арқылы «Astana Motor Astana» ЖШС Астана Тойота Орталығындағы экологиялық менеджмент жүйесі жоғары халықаралық стандарттарға ISO 14001 : 2015 + Cor1 : 2009 сай екенін мақұлдады.