Біз туралы

БІЗ ТУРАЛЫ

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Toyota Center Astana

2009 жылы 19 наурызда Астанада «Тойотаның» барлық стандарттарына жауап беретін, Қазақстанның астанасындағы тұңғыш ресми дилерлік орталығы – «Астана Тойота Орталығы» ашылды. «Астана Тойота Орталығы» «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясының құрамына кіреді.   

 

АВТОСАЛОН

Жалпы ауданы 4267 кв.м-ді құрайтын заманауи автоорталық ҚР-дағы үздіктердің қатарына енді. Оның құрылысына кеткен инвестиция 6 млн $-ды құрады. «Астана Тойота Орталығында» клиенттерге барынша жайлы болуы үшін керектінің бәрі бар – кешен шоу-румды, сервистік станцияны және бірегей қосалқы бөлшектер қоймасын біріктіреді. Дилерлік орталық Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысындағы Тойота автомобильдеріне деген сұранысты қанағаттандырып, сондай-ақ клиенттерге жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.  

 

Автоорталықтың кең шоу-румы, тіпті, келушілер көп болған күннің өзінде қонақтарға жайлылық пен қолайлылық сыйлай алады. Мұнда клиенттер Қазақстанда ұсынылатын автомобильдердің толық модельдер қатарымен танысып, автомобильдерге тест-драйв жүргізіп, машинаны сақтандырып, оны сатып алу үшін кредит рәсімдеп, әрі қосымша жабдықтарды орната алады. Сондай-ақ «Астана Тойота Орталығының» келушілеріне ыңғайлы отырғыштар қойылған демалыс бөлмесі, балаларға арналған бұрышы бар кафе өз қызметін ұсынады. Дилерлік орталықта білікті қызметкерлер жұмыс істейді, бұл әр клиентке сапалы қызмет көрсетіліп, дербес көңіл бөлінетініне кепілдік береді.

Автоорталықта сонымен қатар Trade-in бағдарламасы жұмыс істейді, Сіз ол арқылы өз автомобиліңізді басқа жүрілген автомобильге немесе  құнындағы айырмашылықты төлеу арқылы жаңа Toyota автомобиліне айырбастай аласыз.

АВТОМОБИЛЬДІ ҚАЛАЙ САТЫП АЛАСЫЗ

Егер Сіз «Тойота» маркалы автомобиль сатып алуды қаласаңыз, біз Cізді «Астана Тойота Орталығында» күтеміз

Автомобильді қолма-қол ақшаға сатып алу

Автомобильді қолма-қол ақшаға сатып алған жағдайда Сіз өзіңізбен бірге Жеке куәлігіңізді және Ақшаңызды аласыз

Салонда қасыңызға сатушы-консультант келіп, модельді, түсі мен комплектациясын таңдауға көмектеседі, белгілі бір модельдің және комплектацияның артықшылығын сипаттап, қосымша жабдықтар мен аксессуарлар бойынша кеңес беріп, автомобильді кредитке алуға болатыны туралы және сақтандыру жайлы айтып, сондай-ақ Сізге қызықты барлық сұрақтардың жауабын береді.    

Егер Сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, сатушы-консультант Сатып алу-сату шартын жасап, онда автомобильдің сипаттамасы, оны жеткізу мерзімі мен шарты, сондай-ақ дилердің кепілді мерзім ішіндегі міндеттері берілген  Кепілді келісім көрсетіледі. Осыдан соң сатушы-консультант Сізді тура шоу-румда орналасқан кассаға шығарып салады. Төлем жасағаннан кейін Сізді шоу-румда орналасқан жайлы кафеге шақырады. Бұл жерде Cіз бір шынаяқ кофе ішіп, автомобиліңіз сатуға дейінгі дайындықтан өткенше немесе оған Сіз тапсырыс берген қосымша жабдықтар орнатылғанша күте тұрасыз.

Автомобиль дайын болған кезде, сатушы-консультант Сізді шақырып, қолыңызға кілтті, машинаның құжаттарын және естелік сыйлықты табыстап, жасаған саудаңыз үшін алғысын білдіреді.

АВТОМОБИЛЬДІ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ САТЫП АЛУ
«Астана Тойота Орталығы» салонында заңды және жеке тұлғалар автомобильді қолма-қол ақшасыз сатып ала алады.

АВТОМОБИЛЬГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ

Сіз Қазақстанға жеткізілетіндердің ішінен өзіңізге керекті модельге, түске және комплектацияға ие автомобильге тапсырыс бере аласыз. Бұл үшін «Астана Тойота Орталығына» келіп, сатып алу-сату шартын жасасып, автомобиль құнының 10-30% мөлшері түріндегі алдын ала төлем жасайсыз. Машина қоймаға келе салысымен, Сізге сатушы-консультант қоңырау шалып, сауда орталығына келуіңізді өтінеді. Мұнда Сіз қалған соманы төлеп, Орталықтан жаңа машинаңызбен шығасыз.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Біздің орталықтың жұмысын талқылау немесе +7 (7172) 270-200 телефоны арқылы мамандарға сұрақ қою

сертификат русертификат кз