Мерзімінен бұрын өтеу

Мерзімінен бұрын өтеу

TOYOTA ФИНАНС

Несиені төлеу тәсілдері

Несиені төлеу келесі тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырылады:

1-тәсіл. Ақшалай қаражат сомасын серіктес банктердің кассасы арқылы салу.


Несині төлеу кестесіне сай жоспарлы төлем жасайтын күні серіктес банктің бөлімшесіне жүгіну қажет, серіктес банктер сайтында көрсетілгенсайте.

Қолда болуы тиіс құжаттар:

  • Жеке куәлік (Төлқұжат, ықтиярхат, жеке басын куәландыратын өзге құжат), серіктес банктегі "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің шот нөмірі; Қарыз алушының шағын несиесінің келісімшарт нөмірі; Қарыз алушының ЖСН нөмірі.
  • жеке басын куәландыратын құжатты беру барысында кассирге "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің несиесі бойынша төлем жасалатынын айту қажет.


Қаражат шотқа түскенше міндетті түрде чекті сақтаңыз ... Төлемге байланысты шығынның бәрін қарыз алушы өтейді.


2-тәсіл. Ақшалай қаражатты "КАССА 24" төлем терминалдар желісі арқылы салу.


Несиені төлеу кестесіне сай жоспарлы төлем жасайтын күні кез келген "КАССА 24" төлем терминалы арқылы төлем жасау қажет.

Өзіңізбен болуы тиіс:


Қарыз алушының шағын несиесінің келісімшарт нөмірі.


Чекті міндетті түрде қаражат шотқа түскенше сақтаңыз ... Төлемге байланысты барлық шығынды қарыз алушы өтейді.



3-тәсіл. Ақшасыз аудару немесе ақшалай қаражатты банк бөлімшелері арқылы аудару


"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" ШНҰ" ЖШС-нің шотын ақшасыз аудару немесе ақшалай қаражатты банк бөлімшелері арқылы аудару барысында келесі жағдайларды есепке алу қажет:


Төлемді ақшасыз аударуды несиені төлеу кестесіне сай жоспарлы төлем жасайтын күннен 3 күн бұрын жүзеге асыру керек; Ақшасыз есеп айырысу кезінде несиені төлеу үшін "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің шотына ақша аударатын банктердің комиссиясы сынды қосымша шығындар пайда болуы мүмкін. Төлем тағайындауға шағын несие келісімшартының нөмірін және қарыз алушының ЖСН-ін көрсету қажет. Төлемге байланысты барлық шығынды қарыз алушы өтейді.