Лизинг

Лизинг

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Қаржылық лизинг.

Қаржылық лизинг - бұл кәсіпорын үшін үлкен экономикалық пайда келтіретін тиімді, ыңғайлы және қолжетімді қаржылық құрал. Қаржылық лизинг кәсіпорынның өндірістік қуатын өз резервтерін пайдаланбай және ауыр кредиттерге жүгінбей-ақ күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Шарттары:

  • Аванстық төлемдер – лизинг мәнінің құнынан20%;
  • Сыйақы мөлшері – жылдық 17%-дан бастап;
  • Лизинг мерзімі – 37 ай;
  • Өтінімді қарау мерзімі – 3-тен 5 жұмыс күніне дейін.

Артықшылығы:

  • Төмен бастапқы капитал жұмсалымы қажет етіледі, әрі ақша ресурсының қомақты сомасын айналымдағы қаражаттан алудың керегі жоқ;
  • Алынатын лизинг мәні келісімнің жалғыз қамтамасыз етушісі (қосымша кепілдеме қажет етілмейді);
  • Лизинг төлемі өндіріс шығынына жатады, бұл салық салынатын базаны төмендетеді, ал ұзақ уақыттық бөліп төлеу тұрақты төлемдердің мөлшерін әжептәуір азайтып, Сізге өз активтеріңізді барынша оңтайлы басқаруға мүмкіндік береді;
  • Лизинг шартының мерзімі аяқталып, барлық лизингілік төлем жасалғаннан кейін, лизингтің мәні Лизинг алушының меншігіне өтеді. 

Жедел лизинг.

Жедел лизинг – бұл толық сервистік қызмет көрсетілетін автомобильді ұзақ мерзімді жалға алу.

Төмендегі жағдайларда толық сервистік қызмет көрсетілетін ұзақ мерзімді жалға алу тиімді саналады:

    - Компанияның көлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек болғанда; 

    - Автомобильді жоспарға кірмей тұрып сатып алғанда;

    - Ұзақ уақытқа жеке автокөлік қажет болғанда.

 

Шарттары:  

  • Аванстық төлем – 0%;
  • Сыйақы мөлшері – 0%;
  • Жалға алу мерзімі – 12-ден 60 айға дейін;
  • Өтінімді қарау мерзімі – 3-тен 5 жұмыс күніне дейін.

Артықшылығы:

  • Автокөлікті моральды тозу шегіне қарай ауыстыру мүмкіндігі;
  • Автомобиль паркін ұстау және басқаруға байланысты мәселенің жоқтығы. «Astana Motors Finance» компаниясы автокөлікті сатып алу, уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркеу, сақтандыру, техникалық және сервистік қызмет көрсету бойынша барлық міндетті, сондай-ақ қолданыстағы салықтар мен Жалға алу шарты өз күшінде болатын аралықтағы барлық аударымдарды төлеуді өз мойнына алады;
  • «Astana Motors Finance» компаниясы автокөліктің қатысы болған барлық сақтандыру жағдайларында қолдау көрсетеді,
  • Автомобильдерге толық кәсіби сервистік және техникалық қызмет көрсету Жалға алу шарты мерзімінде «Астана-Моторс» мамандандырылған сервистік орталығында жүзеге асады;
  • Жалға алу шарты аяқталғаннан кейін, автомобиль паркін осыған ұқсас шарттар бойынша жаңа автокөліктермен жаңарту немесе автокөліктерді сатып алу мүмкіндігі.  

 

Байланыстар:

Веб-сайт: mkamf.kz,

эл.мекенжай: amf@astana-motors.kz

 

Нұр-Сұлтан қ-сы, Қабанбай Батыр, 39

+7 701 982 54 48 Кененбаев Талғат

Алматы қ-сы, Бухтарминская көш., 70

Тел: +7 (727) 333 15 96

         +7 (727) 333 15 97