Астана Тойота Орталығы Сіздерге сапалы детейлинг қызметтерін ұсынады. Детейлинг бұл жаңа автомобильді бастапқы қалпында сақтауға, ал жүрілген автомобильді жаңа автомобиль жағдайына жеткізуге көмектесетін жоғары технологиялық процедуралар кешені. Автомобильдің сыртқы келбеті керемет болып қана қоймай, сондай-ақ арнайы төсем оны сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен, химиялық реагенттерден, кетіктер мен сызаттардан қорғайды, сонымен қатар лак-бояу қабатының жарқылы мен қанықтығын арттырып, оптиканы ескіруден қорғап, кірдің әйнекті ластауын төмендетеді. Детейлинг орталықта автомобильге күтім жасау кәсіби түрде жүргізіледі және әр деталь мен ұсақ-түйекке дейін мән беріледі. Астана Тойота Орталығы дилерлік орталығының шеберлері келесі қызметтерді кәсіби тұрғыда атқарады: Лакбояу төсеміне қорғаныш, қиыршық тасқа қарсы қабатты жабыстыру; Алдыңғы әйнекке қорғаныш қабатын жабыстыру; Әйнекке атермальды қабат жабыстыру; Әйнектерге тонировка жасау; Антивандал, қорғаныш қабатын жабыстыру (4 бүйірлік әйнек); Лак-бояулы төсем мен винилге нано-қабат (керамика) жабу; Әйнектерге «жаңбырға қарсы» нано-қабатын жабу; Салонның маталы және былғарылы қабына нано-қабат жабу; Автомобиль дөңгелектеріне нано-қабат жабу. Автомобиль кузовын кәсіби түрде жылтырату; Автомобиль салонын химиялық тазалау. Сіздерді Ш.Құдайбердіұлы, 6 мекенжайы бойынша Астана Тойота Орталығында күтеміз.